
Борщов қызғалдағы (Tulipa borszczowii)
23.09.2026
Тамыр жусан — Artemisia terrae-albae
23.09.2026Татар шөпжияры (лат. Ixiolirion tataricum) — шөпжиярлар тұқымдасының Қазақстандағы туыстың жалғыз өкілі, жусанды-қаулы, қаулы — бетегелі далаға шөл және құрғақ тау бетейлеріне тән мекендеуші. Солтүстіктен басқа Қазақстанның барлық территориясында кездеседі.
Морфологиялық құрылысы және ырғағы бойынша — эфемероид болып табылады. Құрғақ қою қошқыл түсті қабыршақты жұмыртқа тәрізді пиязшық (30 — 40 см) тереңдей енген, сабағы 50 см — ге дейін биіктікте, жапырағы таспа тәрізді, төменгілері жиылып шоқтанған. Ортаңғылары мен жоғарғылары жайлап қысқара келе, үлбірек гүлжапыраққа ауысады. Гүлдері 3 см — ге дейін биік, қоңрауға ұқсас, қысқа түкті, шашақ гүл шоғырына жиналған. Гүл серігігі жапырақшалары және аталық саны алты, үш ұяшықты (байланыс) дәнекер.
Сәуір — мамырда гүлдейді, гүл түсін жиі өзгертеді — өзіне тән көктен сия-көкке, одан — ашық (лиловый), күлгіндеу және аппақ түске дейін. Жемісі созыңқы, түйреуіш тәрізді қауашақ — көмірдей қар түсті, кесек, (үлкен) бірнеше ондаған тұқымы бар. Тұқымынан сондай — ақ вегетативті түрде ұсақ шар тәрізді пиязшықтардың көмегімен жақсы көбейеді.
Татар шөпжияры көгалдандыру мақсатында қызықтырады. Барлық аймақтарда ешқандай қиындықсыз тұқымымен де, пиязшығмен де бірге өсіруге мүмкіндік бар, күтімді қажет етпейді.








