Қазақстан · Арал өңірі · 1939 жылдан бері
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы
Арал өңірінің табиғаты қорғауда
ЮНЕСКО биосфералық резерваты · 2016
Қызылорда облысы
1939
қорық мәртебесі берілген жыл
163 126 га
қорық аумағы
3
кластерлік учаске
325
жоғары сатыдағы өсімдік түрі
Қорық туралы
Табиғи мұраны сақтаймыз
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тарихы
Аралдан үш табиғи учаскеге дейін
1939
Қорық мәртебесінің берілуі
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының негізі 1929 жылы бағалы аң терісін өндіретін қорғалым ретінде қаланған. 1939 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің №973 шешімі бойынша қорық мәртебесі берілген.
2005
Қорық аумағының ұлғаюы
2005 жылғы 25 қарашадағы Үкіметтің №1162 қаулысымен Арал теңізінің кепкен табаны мен шығыс жағалауларындағы бұрынғы аралдар қосылып, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының аумағы 160 826 гектарға ұлғайды.
2012
Сулы-батпақты өңірлердің халықаралық маңызы
2012 жылғы 12 қазанда Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзенінің сағасындағы сулы-батпақты өңірлер халықаралық мәртебе алып, Рамсар конвенциясының тізіміне енді.
2016
ЮНЕСКО биосфералық резерваттар желісіне ену
2016 жылғы 19 наурызда ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы кеңесінің 28-сессиясының шешімімен қорық негізінде құрылған Барсакелмес биосфералық резерваты ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының Әлемдік жүйесіне енді.
2020
«Дельта» учаскесінің қосылуы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі №484 қаулысына сәйкес Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының аумағы Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасындағы «Дельта» учаскесін (2 300 га) қосу арқылы ұлғайды.
Аумағы
Үш учаске — біртұтас қорық
УЧАСТОК 01
Барсакельмес
50 884 га
Бұрынғы Барсакелмес аралы және оған жалғас жатқан Арал теңізінің кепкен табанын қамтиды. Бұл учаске екі бақылау-шолу аумағынан тұрады.
УЧАСТОК 02
Каскакулан
109 942 га
Арал теңізінің бұрынғы шығыс жағалауы мен аралдарын қамтиды. Мұнда құландардың мекен ету аймағы және сексеуілдің табиғи үлкен тоғайы бар.
УЧАСТОК 03
Дельта Сырдарьи
2 300 га
Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасында орналасқан. Бұл аумақ жыл құстары, осында ұялайтын құстар және арал албырты мен арал қаязы сияқты сирек кездесетін балық түрлері үшін маңызды.
«Барсакелмес», «Қасқақұлан» және «Дельта» учаскелерінің күзет аймағының жалпы көлемі 52 160,54 га.
Өсімдіктер дүниесі
Сексеуіл ормандары және сирек өсімдіктер
325
жоғары сатыдағы өсімдік түрі
Қазақстанның эндемик түрлері
16
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
5 түр
Қорықта табиғи өсіп шыққан кең көлемді сексеуіл орманы бар.
Орман қорының жалпы көлемі
60 528 га
Оның ішінде орманды алқаптар
41 361 га
Жануарлар дүниесі
Қорықтың биоалуантүрлілігі
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының жануарлар дүниесі өте алуан түрлі. Омыртқасыздар өкілдері көп кездеседі.
2 000
жәндік түрі
12 отрядқа жатады
107
өрмекші түрі
61 туыс, 18 тұқымдас
250
құс түрі
33 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
28
сүтқоректі түрі
3 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
12
бауырымен жорғалаушы түрі
2
қосмекенді түрі
Жасыл құрбақа мен көлбақа
Су экожүйелері
Кіші Арал теңізінің тіршілігі
Зоопланктон
Зоопланктондардың 85 түрі бар, соның ішінде 4 сирек кездесетін және 2 эндемикалық түр.
Балықтар
Кіші Аралда кездесетін 22 балық түрінің 18 түрі кәсіптік, ал 4 түрі — Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін түрлер.

