
Кәдімгі көксерке
23.09.2026
Бозша мөңке
23.09.2026Ақ амур (лат. Ctenopharyngodon іdella) — тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы.
Дене тұрқы 1 м, салмағы 32 кг — нан асады. Тұрқы жұмырлау, мұрты жоқ, маңдайы жалпақ, аузы сәл төмен қараған. 3 — 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр — шілде айларында өзен ағысымен жоғары өрлеп, уылдырық (2,5 млн — ға дейін) шашады. Уылдырық ағыспен ағып су қабатында дамиды.
Шабақтары балдырлармен, ұсақ су жәндіктерімен, ал ересектері су өсімдіктерімен қоректенеді. Амур өзенін және оның салаларын мекендейді.






