
Халықаралық биосфералық резерваттар күні
23.09.2026
“Қарақұйрық” акциясы тәмамдалды!
23.09.2026Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн зерттеу жөнiнде тұрақты жүйелi түрдегi бақылаулар, Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, табиғи процестердiң мониторингiн ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiн қалпына келтiрудiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу жолымен уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы орайда, ғылым жолындағы барлық әріптестерімізді 10 қараша — Дүниежүзілік ғылым күнімен құттықтаймыз!
Дүниежүзілік ғылым күні немесе ресми түрде — Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні қоғамға ғылымның пайдасын түсіндіруді арттыру мақсатында жыл сайын атап өтіледі.
Осы мақсатта Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорғында ашық есіктер күні өтті. Іс-шара барысында ғылыми жұмыстарға қызығушылық танытқан оқушыларға кеңес берілді.











