
«Бұл мамандықты неге таңдадым?» айдары
13.10.2026
Орманшының сөмкесінде не бар?
15.10.2026Шексіз дала, тылсым табиғат, жабайы тіршілік әлемі… Барсакелместің әрбір тынысында табиғаттың қайталанбас сұлулығы жатыр. Ал сол байлықты қорғап жүрген жандар бар.
Олар — «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері.
Табиғи аумақтарды күзету, заңсыз әрекеттердің алдын алу, жабайы жануарларды фототұзақтар арқылы бақылау, ғылыми зерттеулер жүргізу және экологиялық ағарту — олардың күнделікті еңбегінің бір бөлігі ғана.
Әрбір рейд, фототұзаққа түскен әрбір кадр, ғылыми бақылау мен табиғатты қорғауға бағытталған әрбір іс-шара — қорықтың бірегей биоалуантүрлілігін сақтауға қосылған үлес.
Табиғат үнсіз. Бірақ оның сақшылары әрдайым қызметте.






