
Орманшылар күніне орай салтанатты жиналыс өтті!
17.10.2026
Осы кадрдың артында кім тұр?
19.10.2026Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық және сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қызметкерлер қорық аумағында тазалық жұмыстарын атқарып, қоршаған ортаны абаттандыруға және табиғи ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Табиғатты қорғау – тек ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлеріне ғана емес, әрбір азаматқа ортақ міндет. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи байлықтарды аялау және экологиялық жауапкершілікті арттыру – келешек ұрпаққа таза әрі қолайлы орта қалдырудың маңызды алғышарты.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ұжымы табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарға әрдайым ерекше мән береді.
Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – баршамызға аманат!





