
Қасқақұлан учаскесінде «Мөлдір бұлақ» акциясы жүргізілді
23.09.2026
«Парктер шеруі — 2026» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары аясында «Таза аймақ» экологиялық тазалық жұмыстары жүргізілді.
23.09.2026«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Арал қаласында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс — шара барысында қала аумағы тұрмыстық қалдықтар мен шашылған қоқыстардан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Қызметкерлер экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, табиғатты қорғау — әр азаматтың ортақ міндеті екенін насихаттады. Мұндай экологиялық шаралар туған өлкенің тазалығын сақтауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.







