
Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні
23.09.2026
«Парктер шеруіне бірігіп ат салысайық!» атты экологиялық іс — шарасы
23.09.20262024 жыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының Экология жылы болып белгіленген. Осы орайда, еліміздің барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында тазалық және көгалдандыру жұмыстары белсенді іске асырылуда.
20-24 сәуір аралығында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығымен республикалық «Парктер шеруі»-2024 табиғат қорғау акциясы аясында «Жасыл желек — жердің көркі» ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
20 сәуір — Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні
Бұл — ел бойынша қолға алынып жатқан шара. Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауылымыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы. Іс-шараға Барсакелмес қорығы қызметкерлері мен «Биофлота» экологиялық клубының мүшелері қатысты.
23-24 сәуір — Жаңақұрылыс, Қаратерең және Сазды елді мекендерінде «Жасыл желек — жердің көркі» ағаша отырғызу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараларға жергілікті әкімдіктер, білім ошақтары, мәдениет орталықтары, денсаулық сақтау ұйымдары мен бірқатар мемлекеттік мекемелер жұмылдырылды.
Жалпы көгалдандыру жұмыстарында 220 түп тал (терек, қарағаш, сыр талы және арша) отырғызылды.
#шыұ2024экологияжылы #парктершеруі2024




















