
Шибөрі
23.09.2026
Қасқыр
23.09.2026Қызылқұйрық құмтышқан (лат. Мeriones libycus) – аламан тұқымдасына жататын кеміргіш сүтқоректі.
Дене тұрқы 13 — 16 см, құйрығының ұзындығы 12 — 16 см, салмағы 70 — 125 г. Күрек тістерінің бір ғана сары жолағы болады. Денесінің үстіңгі жағы мен бүйірлері ашық сары не қоңырлау, бауыры — ақшыл, артқы аяқтары ұзынырақ.
Қызылқұйрық құмтышқан көбіне шөлді және шөлейтті жерлерде таралған. Бұл тышқан Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік — шығғыс бөлігінде кездеседі, көбіне тау бөктерін, өзен алқаптарын және егіс төңірегін мекендейді. Індеріне 12 кг-ға дейін қысқы азық қорын жинайды.







