
«Құлан» акциясы
23.09.2026
Дүниежүзілік экологиялық білім күні
23.09.202611 қаңтар — қорықтар мен ұлттық парктер күніне орай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында ашық есіктер күні өткізілді.
Іс-шара барысында Барсакелмес қорығының маңызы мен биоәркелкілігі туралы ақпарат берілді.
🌿🌿🌿 Барсакелмес қорығы — ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енген. Қорықтың аумағы — 163 126 га құрайды. Барсакелмес қорығы шөлді және жартылай шөлейтті «Барсакелмес» және «Қасқақұлан» кластерлік учаскелерімен қатар, сулы-батпақты өңірден тұратын «Дельта» учаскесінен құралған. Яғни, қорықта түрлі ландшафтыларды кездестіре аласыз.
🌿🌿🌿 Қорықтың биоәркелкілігі — 325 түр өсімдіктерден тұрады. Оның 5 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
🌿🌿🌿 Сүтқоректілерлің 28 түрі бар, 3-і Қызыл кітаптағы -құлан, қарақұйрық және шағыл мысығы. Құстардың 250 түрі кездеседі, оның 33 түрі Қызыл кітапқан енгізілген.
🌿🌿🌿 Барсакелмес қорығы герпетофауна, энтомофауна және ихтиофауналарымен де бай.








