
Саз құладыны — Circus aeruginosus
23.07.2021
Бұйра бірқазан — Pelecanus crispus
26.07.2021Тіршілік формасы. Жартылай бұта.
Морфологиялық сипаттамасы. Биіктігі 50 — 100 см өсімдік. Сабақтары — бұтақты, тегіс, бедерлі, жалаңаш, кейде сирек түгі кездеседі. Бұтақтары әдетте сүйір бұрыш болып қайырылған, жоғары қарай бағытталған, жапырағы көп. Астыңғы тікенектері — қатты, ұзындығы 10 — 15 мм, қалыңдығы 1 мм, жоғарғылары – жіңішке, ұзындығы 30 — 35 мм, қалыңдығы 0,5 — 0,1 мм, жоғары бағытталған. Жапырақтары – жұмыртқа тәрізді, сопақша немесе қияқты, ұшында қысқа кішкентай тістері бар, екі жағынан жайылып үлпектелген, астыңғылары – әдетте тікенектерден қысқа, жеміс беру кезінде жоғарғы жапырақтар түседі. Гүлдер – 3-8-ден, тікенектерде орналасқан; гүлсабақтар — жұмсақ қысылған-үлпектелген немесе жалаңаш, ұзындығы шамамен 1,5 — 2 мм. Гүлдің тостағаншасы – ұзындығы шамамен 3-4 мм, жалаңаш, оның тістері кең үш бұрышты, нашар дамыған немесе мүлдем көрінбейді; гүл жапырақшалары — жалаңаш немесе жайылған-түкті. Тәжі – қызғылт, қызыл немесе қызыл-күрең. Туы – ұзындығы 7 — 9 мм, ені 5 — 6 мм, ұшында сәл ғана ойығы бар, түбі кең қысқа тырнақтай етіп тарылған. Қанаттары — сопақша, ұзындығы шамамен 7 — 8 мм, ені 2 мм, ұшында жұмыртқа тәрізді, сәл ғана иілген, түбіндегі құлақшасы кең. Тырнақтары – ұзындығы 2 -3 мм, қайықша ұзындығы шамамен 8 — 9 мм, ені 3 — 4 мм, оның астыңғы шеті бойындағы пластинкасы – доға тәрізді иілген, үсті – қиғаш кесілген, соңы — доғалдау, сәл тарылған, түбіндегі құлақшасы кең. Жатыны — сызықты, мойны қысқа, жалаңаш. Бұршақтары – анық көрінеді, жалаңаш, 4-7-тұқымды. Тұқымы ұсақ, тегіс, бүйрек тәрізді.
Гүлденуі. Мамыр-маусым.
Экологиясы. Шөл, саз далаларда, сор төмен жерлерде және төбешік құмдардың маңында, кейде суарылатын жерлерде зиянкес ретінде өседі.
P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған
#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#рубрика_растительныймир_бгпз
#бмтқ_өсімдіктерəлемі_айдары







