
12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні
13.04.2023
Мемлекеттік инспекторлардың қорық аумағына шолу жұмыстары
15.04.20232023 жылдың сәуір айының 11 күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің 2023 жылдың өрт қауіпті маусымында Арал ауданы аумағында орман және дала өрттерінің алдын-алу және жобалау жөніндегі іс-шараларына байланысты оқу-жаттығу өткізілді. Аталмыш іс-шараға Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы және Арал ауданы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығуға 8 техника және 55 адам жұмылдырылды.
🔥🔥🔥🔥🔥
Сонымен бірге, Барсакелмес қорығының «Парктер шеруі»-2023 акциясы жоспарына сәйкес өрт қауіпті кезең уақытында «Дала өрттерінің қауіпі» атты дәріс-сабақтар мен кездесулер ұйымдастырылмақ.

















