
Мемлекеттік инспекторлардың оқу — сабақтары өткізілді
24.02.2024
Табиғатпен тілдескен
12.03.2024Қалқанжапырақты батпақгүл (Nymphoides peltatum) — су астында бұралып өсетін тамыр сабағы бар судағы шөптесін тамыр жаятын өсімдік. Жапырақтары мен гүлдері суда жүзіп жүреді. Жапырақтары қарапайым, сопақша, дөңгелек не жұмыртқа тәріздес нысанда, сәл ойылған, үстіне қарай қайырылған; олардың жоғарғы бөлігі көн тәрізді, төменгі жағы — безді. Гүлдері бес күлтелі, сары түсті, көлемі 2 — 5 см, шатыр тәрізді немесе қалқан тәрізді гүлшоғырға жиналған. Жемісі — қоңыр, сары немесе жасыл түсті қауашақ. Экологиясы: ағынсыз немесе ағыны жай су қоймаларында, таяз суда өседі. Шілдеде — тамызда гүлдейді. ‼️Ескертпе. Декоративті, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қытай медицинасында сергітетін дәрі — дәрмек ретінде пайдаланылады.






