
«Парктер шеруіне бірігіп ат салысайық!» атты экологиялық іс — шарасы
03.05.2024
Екі түсті маймұрын
14.05.2024Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі — көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі.
Осы орайда, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал өңірінде Қызғалдақ Фестивалін ұйымдастырды.
Аталмыш шара жыл сайын республикалық «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы аясында өткізіледі.
Биыл аудандық Фестиваль даламыздың көркемі — қызғалдақтарды қорғауды насихаттау мақсатында түрлі сайыстармен жүргізілді.
Ауданымыздың жас жанашырларына үлкен алғысымызды жеткіземіз!


























