
Аэс салуды қолдау жөніндегі облыстық халықтық штаб мүшелері барсакелмес қорығының ұжымымен және партия мүшелерімен кездесті
13.09.2024
«World Cleanup Day» акциясына шақырамыз!
18.09.2024Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Қорықтың бас директоры Х.Қаниев мемлекет басшысының Жолдауындағы “…ЖЕТІНШІ мәселе. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін…” бөлігінің орман шаруашылығы саласына аса маңыздылығын алға қойды.















