
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының негізгі қызметтері
09.12.2024
Арал өңірі мен Барсакелместегі экологиялық туризм
09.12.2024Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының 85 жылдығына орайластырылған бірнеше іс — шаралар жүргізілді.
Іс — шаралардың басты мақсаты — Барсакелмес қорығының биоалуантүрлілігін оқушыларға таныстырып, дәріптеу, оларды табиғат қорғау ісіне баулу.
Табиғатты қорғау — бұл әрбір адамның, әсіресе жастардың, өз жауапкершілігін сезініп, болашақ үшін қамқорлық жасауға бағытталған маңызды іс. Оқушыларды табиғатты қорғауға баулу — адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бастама. Олар табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, экологиялық мәселелерге мән беруі қажет.














