
Бүгін — Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының құрылғанына 85 жыл!
10.12.2024
Жыланбас балық
13.12.2024Осы айтулы күнге орайластырылып Арал аудандық оқушылар үйінде “Барсакелмес — төл табиғат мекені” атты мерекелік іс-шара жүргізілді.
Іс — шарада жасөспірімдердің тақырыптық концерттік бағдарламасы,бейнелеу өнері үйірмесі қатысушыларының сурет туындыларынан әзірленген көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар, табиғат қорғау ісіне, қорықтың биоалуантүрлілігін дәріптеуге өз үлестерін қосып келе жатқан білім ордалары мен мұғалімдер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс — шараның екінші бөлігінде алдағы жылға экологиялық білім беру саласындағы мақсаттар мен жоспарлар талқыланды.




















