
«Арал өңірінің туристік потенциалы»
18.04.2025
#тазақазақстан
24.04.2025Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы және Арал аудандық #83 орта мектебінің ұйымдастыруымен республикалық “Парктер шеруі” — 2025, “Тазаlike” іс-шарасының жол картасы аясында «Жер – біздің ортақ үйіміз!» атты бітіруші түлектермен ағаш отырғызу бойынша экологиялық шарасы өтті. Аталмыш шараға 4 және 11 сынып оқушылары белсенді ат салысты.
Сонымен бірге, бұл игі акция 22 сәуір Жер-Ана күніне арналған шаралар легінің бастамасы болды. Мектептің “Биофилота” экологиялық клубының мүшелері тұрғындарды “Таза Қазақстан” акциясына белсенді қатысып, ауламызды таза ұстауға шақырып, үнпарақтар таратты.
Жер-Ана күні – табиғаттың қадірін түсініп, қоршаған ортаға жанашыр болуға үндейтін маңызды күн.
Әр ісіміз – Жер-Анаға деген алғысымыз!








