
Бүгін маңызды даталардың бірі — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
05.06.2025
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткізілген іс-шара туралы телерепортаж 2025 жылғы 5 маусымда
11.06.2025Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Осы Заңның негізінде қазіргі күнге шейін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл күннің басты міндеті – табиғатты қорғауға қоғамның назарын аудару, экологиялық мәселелерді шешуге барлығын жұмылдыру. Осы мақсатта Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, концерттер, сайыстар, экологиялық шерулер, ағаш отырғызу, сондай-ақ айналаны тазарту сияқты қызықты шаралар өткізеді. Осылайша, балалар мен жастарға табиғат – біздің ортақ үйіміз, оны сақтау – әр адамның парызы екенін насихаттаймыз.
Мәселен, Арал қаласында оқушылардың қатысуымен плоггинг форматында іс-шара өтіп, онда оқушыларға қоқысты сұрыптаудың маңызы түсіндірілді. Оқушылар арасында “Таза табиғат — сау ұрпақ” тақырыбында эссе және сурет байқаулары өтіп, үздік жұмыстар бағаланды.








