
Арал ауданының тарихи мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті
17.04.2026
Киелі орындарда тазалық жұмыстары жүргізілді
20.04.2026«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қызметкерлер қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетті. Осындай игі шаралар табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаның таза әрі көрікті болуына өз септігін тигізеді.









