
Құрғақ шөпті жағу – үлкен апаттың бастауы!
11.05.2026
«Таза өлке» экологиялық акциясы өтті
14.05.2026«Таза Қазақстан — Парктер шеруі 2026» акциясы аясында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бірлескен экологиялық сабақтары өтті. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мен Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының бірлескен іс-шаралары аясында Арал ауданының арнайы орта білім беру ұйымдарында танымдық-экологиялық сабақтар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында №220 және №292 мектептердің оқушыларына «Резерват биоалуантүрлілігі» тақырыбында мазмұнды дәрістер оқылып, қорықтар мен резерваттардың табиғатты қорғаудағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға өңірдегі сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері, олардың тіршілік ету ортасы, сондай-ақ табиғатты сақтау мен қорғаудың өзектілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сабақтар интерактивті форматта өтіп, оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Табиғатты қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз!











