
Қасқақұлан учаскесінде «Мөлдір бұлақ» акциясы жүргізілді
18.05.2026
«Құралайдың салқыны» — табиғаттағы маусымдық климаттық құбылыс
18.05.2026«Парктер шеруі — 2026» республикалық табиғат қорғау акциясы мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза аймақ» экологиялық шарасын өткізді. Іс-шара барысында қорық аумағы мен оған іргелес табиғи аймақтар тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартылып, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау және экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғатты аялау — қоршаған орта тұрақтылығын сақтаудың маңызды кепілі. Таза табиғи орта — адам денсаулығы мен келешек ұрпақтың жарқын болашағының негізі. Осыған орай, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау — әр азаматтың ортақ міндеті.










